Референдум кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді – полиция

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Еліміздегі референдум учаскелерінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Бұл туралы "Референдум – 2026" онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады.
"Еліміздегі 10 мыңнан астам референдум учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр", - деді спикер.
Оның айтуынша жағдай тұрақты және полицияның толық бақылауында.
"Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамаларды өңірлік комиссияларға қауіпсіз жеткізілуін қадағалайды", - деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 73,24%-ы жаңа Конституция бойынша референдумда таңдау жасады.
В Астане проходит референдум по новой Конституции Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Референдумда тізімге енген қазақстандықтардың 73,24%-ы дауыс берді
Жаңалықтар
0