Қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайды деп сенемін – Балаева

Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мен үшін жаңа Конституция жобасында білім беру, ғылым, мәдениет және инновация салаларының басымдығының ең жоғары деңгейде айқын бекітілуі айрықша маңызды. Бұл еліміздің болашағы тек экономикалық көрсеткіштер мен табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен адам капиталына, ұлттың интеллектуалдық әлеуетіне, мәдениет пен тарихи мұраға деген құрметке негізделіп құрылатынын білдіреді", - деді вице-премьер.
Мұндай ұстаным Қазақстанның білімге, жасампаздыққа және ұзақ мерзімді орнықты дамуға бағытталған стратегиялық таңдауын айқын аңғартады, деді ол.
Аида Балаева бұл - мемлекет басшысы 2019 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан саяси реформалардың нақты нәтижесі екенін айтты.
"Бұл реформалар әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған, мұнда ашықтық, жауапкершілік, азаматтардың белсенді қатысуы және қоғам пікіріне құрмет басты қағидаттарға айналып келеді. Қазақстандықтар дұрыс әрі жауапты таңдау жасайды деп сенемін", - деді министр Аида Балаева.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
"Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн": Тоқаев референдумда дауыс берді
Жаңалықтар
0