Қазақстанда референдум өткізуге барлық жағдай жасалған – бақылаушылар

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Алматы проходит референдум по новой Конституции Казахстана
В Алматы проходит референдум по новой Конституции Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда сапалы референдум өткізуге барлық жағдай жасалған, деп есептейді ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының бақылаушылары.
Бұл туралы Беларусь кеңесі тұрақты комиссиясының мүшесі Александр Горошкин мәлімдеді. Ол Қазақстанда келген бақылаушылар тобы Мәжіліс, Сенат және Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездесіп, дауыс беруге дайындық туралы толық ақпарат алғанын хабарлады.
"Дайындық барысын өз көзімізбен көріп, учаскелерге бардық. Шын мәнінде, жұмыстар өте сапалы ұйымдастырылған және әрбір азаматқа өз пікірін білдіруге жағдай жасалған", – деді Горошкин.
Оның айтуынша бақылаушылар учаскелерде қазақстандықтар жаңа Конституцияны қабылдау немесе қабылдамау туралы өз еркін білдіре алатынына көз жеткізген.
В Астане проходит референдум по новой Конституции Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Референдумда тізімге енген қазақстандықтардың 73,24%-ы дауыс берді
Жаңалықтар
0