https://sputnik.kz/20260314/zalal-120-mln-tenge-atyrauda-zhalgan-bilim-beru-uyymyn-qurgan-quryltayshy-6-zhylga-sottaldy--61844980.html
Залал 120 млн теңге: Атырауда жалған білім беру ұйымының құрылтайшысы сотталды
Залал 120 млн теңге: Атырауда жалған білім беру ұйымының құрылтайшысы сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Атырауда сот "Lets School" мектебіне қатысты қылмыстық іске нүкте қойды, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасы. 14.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-14T17:20+0500
2026-03-14T17:20+0500
2026-03-14T19:48+0500
атырау
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Атырауда сот "Lets School" мектебіне қатысты қылмыстық іске нүкте қойды, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасы. Қылмыстық істі Атырау қаласының №2 соты қарады. Мектеп құрылтайшысы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 6 жыл мерзімге қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 120 миллион теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтірілген. Аталған соманы толық көлемде өндіріп алу соттың айыптау үкімімен міндеттелді.
https://sputnik.kz/20260220/turkistan-oblysynda-bilim-boliminin-qyzmetkerleri-49-mekteptin-qarazhatyn-zhymqyrgan-61305527.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
Залал 120 млн теңге: Атырауда жалған білім беру ұйымының құрылтайшысы сотталды
17:20 14.03.2026 (жаңартылды: 19:48 14.03.2026) АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Атырауда сот "Lets School" мектебіне қатысты қылмыстық іске нүкте қойды, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасы.
Қылмыстық істі Атырау қаласының №2 соты қарады. Мектеп құрылтайшысы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ 6 жыл мерзімге қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
"Сотталушы қасақана, пайдакүнемдік ниетпен жалған білім беру ұйымын құрған. Оның қызметін жүзеге асыру арқылы азаматтарды адастырған. Нақты көрсетілген шарттар мен міндеттемелерге сәйкес келмейтін білім беру қызметтерін көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденген", - дейді сот.
Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 120 миллион теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтірілген. Аталған соманы толық көлемде өндіріп алу соттың айыптау үкімімен міндеттелді.