"Сиыр сатып алдым": кәсіпкер 20 млн теңге субсидияны жымқырған

© PhotoПравительство утвердило Концепцию развития сельских территорий
Правительство утвердило Концепцию развития сельских территорий - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Жазылу
Өндірістік кооператив төрағасы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының Арыс ауданында кәсіпкер әйел 20 млн теңге субсидияны жымқырған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы 2021 жылдың сәуір айында ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген.
"Ол кооператив атына 2470 бас аналық ірі қара малды жалға алғаны және селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғаны жөнінде ақпарат енгізген", - дейді прокуратура.
Мемлекеттен кооперативтің банктік есепшотына 24 700 000 теңге көлемінде субсидия қаражаты аударылған.
"Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл тұқымды бұқа және 450 бас аналық ірі қара малға ғана жүргізіліп, заңсыз алынған субсидия сомасы 20 200 000 теңгені құраған", - дейді прокуратура.
Сот ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасын 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқара алмайды.
Заңсыз алынған ақшалай қаражат толық көлемде өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды.
Жаңалықтар
0