https://sputnik.kz/20260313/shyndyqqa-zhaspaydy-tarazda-soqqyga-zhygylgan-qyzga-qatysty-politsiya-tusinikteme-berdi-61813952.html
"Шындыққа жанаспайды": Таразда соққыға жығылған қызға қатысты полиция түсініктеме берді
"Шындыққа жанаспайды": Таразда соққыға жығылған қызға қатысты полиция түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Таразда 9-сынып оқушысының соққыға жығылуына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтын тұстары бар, деп хабарлады Жамбыл облыстық... 13.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-13T09:47+0500
2026-03-13T09:47+0500
2026-03-13T10:02+0500
тараз
төбелес
оқушы қыз
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Таразда 9-сынып оқушысының соққыға жығылуына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтын тұстары бар, деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.Кеше 7 қыз жабылып ұрғаннан кейін 9-сынып оқушысы жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын. Оқушының анасы баласын кастетпен ұрғанын айтты. Алайда полиция әлеуметтік желіде тараған бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.Ал қалалық әкімдік жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскенін жоққа шығарды.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі жасөспірімдер ата-анасымен бірге полицияға жеткізілген.
https://sputnik.kz/20260312/qatarlastary-urgan-tarazda-oqushy-zhansaqtau-bolimine-tusti-61797247.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, төбелес, оқушы қыз, оқушы
тараз, төбелес, оқушы қыз, оқушы
"Шындыққа жанаспайды": Таразда соққыға жығылған қызға қатысты полиция түсініктеме берді
09:47 13.03.2026 (жаңартылды: 10:02 13.03.2026) АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Таразда 9-сынып оқушысының соққыға жығылуына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтын тұстары бар, деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Кеше 7 қыз жабылып ұрғаннан кейін 9-сынып оқушысы жансақтау бөліміне түскені туралы
ақпарат тараған болатын. Оқушының анасы баласын кастетпен ұрғанын айтты. Алайда полиция әлеуметтік желіде тараған бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Тергеу барысында кәмелетке толмағандардың кастет суық қаруын қолданғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта жәбірленуші үйінде амбулаториялық ем қабылдап жатыр", - деп жазылған полиция департаментінің хабарламасында.
Ал қалалық әкімдік жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскенін жоққа шығарды.
"Жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат жалған. Оқиға 6 наурыз сағат 16:00 шамасында болған. Қыздар өзара мәмілеге келу үшін кездескен. Сөзге келіспей жанжалдасқан. Сол кезде оқушы балалар ауруханасына түскен. 11 наурызда оқушы үйіне шығарылды", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі жасөспірімдер ата-анасымен бірге полицияға жеткізілген.