Қазақстан төлдейтін ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Жазылу
Шектеу мерзімі – алты ай
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа бұйрық жариялады.
Құжатқа сәйкес, республикадан төлдейтін ірі қара және ұсақ малды әкетуге тыйым салынады. Шектеу мерзімі – алты ай.
"Мақсат – малдың жаппай экспортталуын болдырмау және отандық өңдеу кәсіпорындарының жұмысын толық қамтамасыз ету", - деп жазылған бұйрықта.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданатын жобаның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағынан теріс салдары болмайтынын атап өтті. Бұйрық 17 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Коровы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Түркістан облысында 600-ден астам мал құжатсыз тасымалданған
Жаңалықтар
0