https://sputnik.kz/20260313/protsess-ote-bayau-zhurip-zhatyr---toqaev-tsifrlandyru-protsesin-synady-61824868.html
Өте баяу жүріп жатыр - Тоқаев цифрландыру процесін сынады
Өте баяу жүріп жатыр - Тоқаев цифрландыру процесін сынады
Sputnik Қазақстан
Президент үкіметке мемлекеттік аппаратты түбегейлі трансформациялау міндетін жүктеді 13.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-13T16:36+0500
2026-03-13T16:36+0500
2026-03-13T16:57+0500
президент
жасанды интеллект
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0d/61824548_0:56:1280:776_1920x0_80_0_0_abdddbe12fe4df6abdade5e331ee915b.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.Президент мемлекеттік құрылымдар жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында ауқымды жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. Негізгі мақсат – озық технология мен жасанды интеллектіні ел өмірінің әр саласына жаппай енгізу.Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстармен тоқтап қалмау керектігін ескертіп, әлемде болып жатқан өзгерістердің қарқыны өте жоғары екенін еске салды."Ғылым, білім, технология аса жоғары жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан нормативтік құжаттарды да дер кезінде жаңартып отыру керек. Бір сөзбен, қазіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын "Цифрлық мемлекет" ұғымын қалыптастыру қажет, яғни Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс", – деді президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Digital Qazaqstan стратегиясында қағазбастылықтан арылып, ішкі процестерді түбегейлі қайта құруға баса мән беру қажет. Сондықтан заманауи технологияларды ескірген бюрократияның тар шеңберіне қамауға тырыспай, жаңаша жұмыс істеп үйрену керек, деді президент.Президент үкіметке мемлекеттік аппаратты түбегейлі трансформациялау міндетін жүктеді. Бұл істі үйлестірумен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айналысады.
https://sputnik.kz/20260312/ata-zannyn-matini-gana-emes-mani-men-magynasy-ozgerdi---toqaev--61802271.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0d/61824548_86:0:1195:832_1920x0_80_0_0_5ec564c0270c362d3842c2596ec6e3fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, жасанды интеллект, жаңа технологиялар
президент, жасанды интеллект, жаңа технологиялар
Өте баяу жүріп жатыр - Тоқаев цифрландыру процесін сынады
16:36 13.03.2026 (жаңартылды: 16:57 13.03.2026) Президент үкіметке мемлекеттік аппаратты түбегейлі трансформациялау міндетін жүктеді
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.
Президент мемлекеттік құрылымдар жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында ауқымды жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. Негізгі мақсат – озық технология мен жасанды интеллектіні ел өмірінің әр саласына жаппай енгізу.
"Ең алдымен, қолайлы институционалдық, құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру қажет. Қазақстан – ыңғайлы және озық цифрлық реттеу жүйесін енгізген елдердің қатарында. Біз бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып бастадық", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстармен тоқтап қалмау керектігін ескертіп, әлемде болып жатқан өзгерістердің қарқыны өте жоғары екенін еске салды.
"Ғылым, білім, технология аса жоғары жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан нормативтік құжаттарды да дер кезінде жаңартып отыру керек. Бір сөзбен, қазіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын "Цифрлық мемлекет" ұғымын қалыптастыру қажет, яғни Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Digital Qazaqstan стратегиясында қағазбастылықтан арылып, ішкі процестерді түбегейлі қайта құруға баса мән беру қажет. Сондықтан заманауи технологияларды ескірген бюрократияның тар шеңберіне қамауға тырыспай, жаңаша жұмыс істеп үйрену керек, деді президент.
"Бізге нәтиже керек. Жасанды интеллект туралы жаңалықтарды үнемі оқып отырамын. Технологияның қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, Қазақстанның цифрлық келешегіне алаңдай бастайсың. Меніңше, процесс өте баяу жүріп жатыр", – деді Мемлекет басшысы.
Президент үкіметке мемлекеттік аппаратты түбегейлі трансформациялау міндетін жүктеді. Бұл істі үйлестірумен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айналысады.