Президент Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Жазылу
Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық.
Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді
Жаңалықтар
0