Тас жолдар жабық: 390 жолаушы пойызбен жеткізілді

© Photo : ҚТЖТас жолдар жабық: 390 жолаушы пойызбен жеткізілді
Тас жолдар жабық: 390 жолаушы пойызбен жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Жазылу
Қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы жеткізілді
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді.
Қолайсыз ауа райы Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында тас жолдардың уақытша жабылуына себеп болды.
2026 жылғы 10–12 наурыз аралығында 7 пойызға жолаушыларды отырғызу жүргізіліп, барлығы 390 жолаушы жеткізілді.
11–12 наурыз күндері Ақтөбе – Атырау учаскесінде жолаушыларды тасымалдау келесі пойыздармен жүзеге асырылды:
№692 "Ақтөбе – Атырау" пойызы — Ақтөбе станциясынан Қандыағаш, Алға және Бестамақ станцияларына дейін 73 жолаушы тасымалданды.
№109 "Маңғыстау – Ақтөбе" пойызы — Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 13 жолаушы жеткізілді.
№110 "Ақтөбе – Маңғыстау" пойызы — Ақтөбе станциясынан Алға және Бестамақ станцияларына дейін 117 жолаушы тасымалданды.
№34 "Ақтөбе – Алматы" пойызы — Ақтөбе станциясынан Алға және Қандыағаш станцияларына дейін 44 жолаушы жеткізілді.
№691 "Атырау – Ақтөбе" пойызы— Қарауылкелді, Шұбарқұдық, Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 35 жолаушы тасымалданды.
Сондай-ақ, Павлодар – Астана учаскесінде жолаушыларды тасымалдау №139 "Павлодар – Пресногорьковская" пойызымен жүзеге асырылды.
Шідерті, Ерейментау, Еркеншілік станцияларынан Астана станциясына дейін 64 жолаушы жеткізілді.
2026 жылғы қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы жеткізілді.
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Тас жолдар жабық: 500-ден астам жолаушы пойызбен жеткізілді
Жаңалықтар
0