https://sputnik.kz/20260312/kolik-zhurgizu-kezinde-telefonmen-soylesuge--resmi-turde-tyyym-salyndy-61795348.html
Енді рөлде отырып телефон пайдаланған жүргізушілерді жолдағы камералар түсіріп алады
Енді рөлде отырып телефон пайдаланған жүргізушілерді жолдағы камералар түсіріп алады
Sputnik Қазақстан
Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер 12 наурыздан бастап күшіне енді 12.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-12T11:33+0500
2026-03-12T11:33+0500
2026-03-12T12:20+0500
көлік жүргізушісі
заң
айыппұл
жаза
бейнекамера
https://sputnik.kz/img/849/92/8499204_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_5a533c793d641c1489caf71a6b68bbc6.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Енді рөлде отырып телефонмен сөйлескен жүргізушілерді жолдағы камералар түсіріп алады.Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер 12 наурыздан бастап күшіне енеді.Заң өзгеріссіз қалады, құқық бұзушылықтарды тіркеу әдісі ғана өзгереді деп бұған дейін Ішкі істер министрлігі хабарлаған болатын. Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта жол қозғалысы ережесін бұзудың алты түрі автоматты түрде тіркеледі:Енді көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ көлік құралдарын техникалық тексеру мерзімінің өтуі, сақтандырудың болмауы және басқа да құқық бұзушылықтар қосылады.Сондай-ақ көшедегі дрондар мен камераларға қоқыс тастау, тыйым салынған жерлерде темекі шегу және заңсыз сауда сынды мәліметтер жазылады.
https://sputnik.kz/20260124/politsiya-zhol-qozgalysy-erezhesin-buzudyn-saldaryn-qr-kod-arqyly-korsetti-60662900.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/849/92/8499204_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_d419cb8acc57333731fd5d4326b87bc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік жүргізушісі, заң, айыппұл, жаза, бейнекамера
көлік жүргізушісі, заң, айыппұл, жаза, бейнекамера
Енді рөлде отырып телефон пайдаланған жүргізушілерді жолдағы камералар түсіріп алады
11:33 12.03.2026 (жаңартылды: 12:20 12.03.2026) Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер 12 наурыздан бастап күшіне енді
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Енді рөлде отырып телефонмен сөйлескен жүргізушілерді жолдағы камералар түсіріп алады.
Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер 12 наурыздан бастап күшіне енеді.
Заң өзгеріссіз қалады, құқық бұзушылықтарды тіркеу әдісі ғана өзгереді деп бұған дейін Ішкі істер министрлігі хабарлаған болатын. Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта жол қозғалысы ережесін бұзудың алты түрі автоматты түрде тіркеледі:
жол белгілері немесе таңбалардың талаптарын сақтамау;
тоқтау немесе тұрақ ережелерін бұзу;
бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жүру;
жолдың жүру бөлігінде көлік құралын орналастыру ережелерін бұзу, қарсы бағытқа шығу немесе басып озу;
жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының басқа қатысушыларына жол бермеу.
Енді көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ көлік құралдарын техникалық тексеру мерзімінің өтуі, сақтандырудың болмауы және басқа да құқық бұзушылықтар қосылады.
"12 наурыздан бастап әкімшілік құқық бұзушылық автоматты түрде анықталса немесе тіркелсе, ҚР ӘҚБтК-нің 31-бабына және осы кодекстің ерекше бөлігіне сәйкес аталған құқық бұзушылықтар үшін ескерту немесе айыппұл түріндегі ықпал ету шаралары белгіленеді, - дейді Ішкі істер министрлігі.
Сондай-ақ көшедегі дрондар мен камераларға қоқыс тастау, тыйым салынған жерлерде темекі шегу және заңсыз сауда сынды мәліметтер жазылады.