Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны басып кетті

Теміржол - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Жазылу
Жүк пойызының жүргізушісі рельстерде малдың жүруіне байланысты шұғыл тежегішті басқан
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны басып кетті.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты "Торғай-Сілеті" учаскесінде болған.
"Жүк пойызының жүргізушісі рельстерде малдың жүруіне байланысты шұғыл тежегішті басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.
Пойыз қозғалысы 23 минутқа тоқтап қалды.
Полицейлер 35 жастағы шопанды анықтап, жауапкершілікке тартты.
Темір жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Қарағандыда пойыз бен көлік соқтығысты
Жаңалықтар
0