Жетісу облысында мұз жарылып, құтқарушы көз жұмды

© Sputnik / Медиабанкке өтуЛедоход. Архивное фото
Ледоход. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 7 наурызда болған. Жетісу облысы Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде ер адам суға ағып кеткен.

"Балық аулап жүргенде мұз жарылып, салдарынан бір адам мұз кесегімен бірге көлдің ортасына қарай ағып кеткені туралы хабарлама түсті", - дейді департамент қызметкерлері.

Оқиға орнына Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдары, Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жіберілген.
"Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында мұз қайтадан жарылып, соның салдарынан Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Таранов Дамир Тайыржанұлы көз жұмды", - дейді төтенше жағдайлар қызметі.
Дамир Таранов азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 2016 жылдан бастаған. Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.
Жаңалықтар
0