Жәнібек Әлімханұлы бір белбеуден айырылды

© AFP 2024 / Yong Teck Lim Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
IBF федерацияға хат жіберген. Оған сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін бокстан шеттетілген.
"Олардың ережесінде кез келген салмақ дәрежесіндегі чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы керек деп көрсетілген, яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек. Қазіргі жағдайға байланысты 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялауға шешім қабылдады", - дейді Ерденбеков.
Дегенмен федерация басшылығы Жәнібектің барлық төрт титулды жеңіп алатынына сенімді.
"Федерация президенті ретінде мен бұл жағдай Жәнібектің командасына үлкен сабақ берді деп санаймын. Дегенмен ол биыл үлкен рингке одан да күштірек оралады және жақын арада төрт әлем титулын да жеңіп алады", - деп атап көрсетті ол.
Ал Жәнібектің командасы IBF бұл шешіміне апелляциялық шағым түсіруге ниетті.
Жаңалықтар
0