Қазақстанда мүгедек жандар салық бойынша ең жоғары шегерім ала алады

© Photo : Фонд развития социальных проектов "Samruk-Kazyna Trust"Казахстанцы с инвалидностью могут получить бесплатное IT-образование
Казахстанцы с инвалидностью могут получить бесплатное IT-образование - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
Салық кодексінің нормаларына бірқатар өзгеріс енгізілмек
АСТАНА, 11 наурыз - Sputnik. Астанада вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық Кодексін енгізу жобалық кеңсесінің отырысы өтті.
Отырыста талқыланған негізгі мәселелердің бірі – мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жеке табыс салығы бойынша шегерімді қолдану тәртібі болды. Қазіргі уақытта салық шегерімінің мөлшері мүгедектік тобына байланысты, бұл 5000 немесе 882 айлық есептік көрсеткіш. Егер мүгедектік топ жыл ішінде өзгерсе, қолданылатын шегерімнің мөлшері туралы мәселе туындайды.
Жобалық кеңседе бір жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерген кезде ең жоғары шегерім – 5000 АЕК қолданылатын норманы бекіту ұсынылды.
Сонымен қатар салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізбесін кеңейту талқыланды.
Мынадай мәліметтерді алып тастау ұсынылды:
әлеуметтік төлемдер сомасы туралы;
әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы;
салық төлеушінің жеке тіркеу деректері.
Өзгерістер әкімшілендіруді цифрландыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге бағытталған, деп мәлімдеді үкімет.
Сондай-ақ қосымша құн салығынан босатылған кезде авиация үшін жанар-жағар май әкелуді растау талқыланды.
"Салық кодексі әуе тасымалы үшін ЖЖМ импортын ҚҚС-тан босатады (479-бап). Алайда қолданыстағы тұжырымдама дипломатиялық өкілдіктердің импортты растауын талап етуі мүмкін, бұл баптың басқа тармақшасына жатады. Ықтимал сәйкессіздіктерді болдырмау үшін нормаға нақтылау енгізу ұсынылады", - деп түсіндірді жобалық кеңседе.
Энергетикалық сусындар экспортын акцизден босату мәселесі де көтерілді.
"Қазіргі уақытта акцизделетін тауарлардың экспорты акцизден босатылады. Алайда ұзақ мерзімді өңдеу кезінде дайын өнімді шикізат иесіне беру кезінде өңдеушіге акциз мәселе тудырады. Тіпті егер тауар экспортталса да. Егер ол кейіннен экспорттауға арналған болса, мұндай өнімді беруді акцизден босату ұсынылады. Осыған ұқсас тетік мұнай өнімдері үшін де жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады отырыста.
Жалпы, жобалық кеңсенің отырыстарында Қазақстанның жаңа Салық кодексі бойынша 60 мәселе қаралды. Мысалы, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты өзгерістер енгізу жұмыстары аяқталып қалды.
Осы жылдың 13 ақпанында Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС есебінсіз дәрі дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы қабылданды.
Жаңалықтар
0