https://sputnik.kz/20260311/qazaqstan-tmd-elderimen-radiatsiyalyq-zhagdayga-qatysty-derektermen-almasady-61779364.html
Қазақстан ТМД елдерімен радиациялық жағдайға қатысты деректермен алмасады
Қазақстан ТМД елдерімен радиациялық жағдайға қатысты деректермен алмасады
Sputnik Қазақстан
Алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалану қажет 11.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-11T15:35+0500
2026-03-11T15:35+0500
2026-03-11T15:35+0500
мәжіліс
радиация
тмд
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41780772_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_86983c15bda633c8754f8f8254a0a326.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімге сәйкес, ТМД елдерінің уәкілетті органдары радиациялық жағдайға қатысты нақты деректермен алмасып отырады. Соның ішінде радиациялық жағдайдың жай-күйі және оның өзгеруі, сондай-ақ, үшінші мемлекеттердің аумақтарынан радиоактивті заттардың трансшекаралық тасымалы қаупі төнген немесе туындаған кезде радиациялық жағдай мониторингі туралы ақпарат бар.Тараптар берілетін ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етіп, күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда ақпаратты беру мүмкін еместігі жайында бір-бірін уақытында ескертіп отырады.Ал алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалану қажет. Ол үшін радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасудың бірыңғай тәртібі болады. Онда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы радиациялық жағдайдың параметрлері туралы берілетін ақпараттың тізбесі, форматтары, архивтеу мерзімдері мен регламенті көрсетіледі.Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, көрші Қытаймен де тура сондай келісім рәсімделеді.
https://sputnik.kz/20260311/tmd-parlamentaralyq-assambleyasy-referendumga-qatysty-malimdeme-zhasady-61775798.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41780772_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1a06d62ee96850f18ad5bf0087026e5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, радиация, тмд
Қазақстан ТМД елдерімен радиациялық жағдайға қатысты деректермен алмасады
Алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалану қажет
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімге сәйкес, ТМД елдерінің уәкілетті органдары радиациялық жағдайға қатысты нақты деректермен алмасып отырады. Соның ішінде радиациялық жағдайдың жай-күйі және оның өзгеруі, сондай-ақ, үшінші мемлекеттердің аумақтарынан радиоактивті заттардың трансшекаралық тасымалы қаупі төнген немесе туындаған кезде радиациялық жағдай мониторингі туралы ақпарат бар.
Тараптар берілетін ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етіп, күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда ақпаратты беру мүмкін еместігі жайында бір-бірін уақытында ескертіп отырады.
Ал алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалану қажет. Ол үшін радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасудың бірыңғай тәртібі болады. Онда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы радиациялық жағдайдың параметрлері туралы берілетін ақпараттың тізбесі, форматтары, архивтеу мерзімдері мен регламенті көрсетіледі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, көрші Қытаймен де тура сондай келісім рәсімделеді.