Мал іздеуге шыққан: Павлодар облысында ер адам үсіп өлді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЖылқышы
Жылқышы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
Қайғылы оқиға 10 наурызда болған
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Павлодар облысы Майқайың ауданында ер адам үсіп өлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақтан.
Қайғылы оқиға 10 наурызда болған.
Ер адам мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған.
"11 наурыз күні таңертең Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан 10 шақырым жерде фермадан 2 шақырым жерде ер адамның мәйіті табылды. Ол 10 наурызда сағат 14-00 шамасында мал іздеуге шыққан", - дейді Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде.
Ер адам 46 жаста болған. Ол "Алтын" шаруа қожалығында жұмыс істеген.
Қыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Үйден шығып кеткен: Петропавлда зейнеткер үсіп өлді
Жаңалықтар
0