Қазақстандағы референдумға шетелден қанша журналист келеді - министрлік санын жариялады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЖурналистер
Журналистер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
2026 жылдың 1 қаңтарында тіркелген мәліметке сәйкес, Қазақстанда дауыс беруге құқылы 12 416 759 адам болған
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы референдумға келетін шетелдік журналистердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
15 наурызда өтетін республикалық референдумға 31 елден 68 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі келеді.
"Референдумды шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 185 өкілі сүймелдеуді жоспарлап отыр", - деді вице-министр Ерлан Әлімбаев Орталық референдум комиссиясының бүгінгі отырысында.
Айта кетері, референдумға "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ шығарылады.
2026 жылдың 1 қаңтарында тіркелген мәліметке сәйкес, Қазақстанда дауыс беруге құқылы 12 416 759 адам болған.
Референдум по новой Конституции в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Референдум: шетелде 11 дауыс беру учаскесі жабылды
Жаңалықтар
0