Екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе өсті

© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы дамыту перспективасы жөнінде есеп берілді. Ақмарал Әлназарова негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы баяндады.
Министрдің мәліметінше, жалпы және нәрестелер өлімі 15,3 пайызға төмендеп, Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25 пайызға азайды. Осылайша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатты көрсеткішіне қол жеткізілді.
Ведомство басшысы онкологиялық қызметті дамыту шаралары жалғасып жатқанын айтып, Астана қаласындағы жаңа онкологиялық кешеннің базасында Протонды терапия орталығы ашылғанын және Қызылорда және Ақтау қалаларында 2 жаңа ПЭТ/КТ кешені іске қосылғанын жеткізді.
"Соңғы екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал дәрі-дәрмектің экспорты 1,9 есе өсті. Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды. Олардың жалпы құны 316,3 миллиард теңгеге бағаланған", - деп баяндады министр.
Президент медициналық қызмет сапасын арттыру, саладағы қаржылық тәртіпті қатаңдату, маман даярлау жүйесін жетілдіру, цифрлық жаңғырту жұмыстарын жеделдету және отандық фармацевтика өнеркәсібін өркендету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Медикаменты. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандап жатыр
Жаңалықтар
0