Қарағанды облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТас жолдағы жағдай
Тас жолдағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. "Астана – Қарағанды" тас жолында 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
10 наурыз күні сағат шамамен 11:00-де "Астана – Қарағанды" автожолында, Ошағанды кенті маңында Қарағанды қаласы бағытына қарай жол апаты болды.
"Автожолдың 147 шақырымында жеті көлік соқтығысқан. Апатқа ауа райының күрт нашарлауы мен боран, қатты жел себеп болған. Соның салдарынан жол бөлігінде көріну мүмкіндігі айтарлықтай төмендеген", - дейді полиция.
Алдын ала деректер бойынша соқтығыс тізбекті түрде орын алған.
"Алдымен Chevrolet Nexia автокөлігі Chery Tiggo көлігімен соқтығысқан. Кейін Toyota Land Cruiser көлігі Chery Tiggo автокөлігіне соғылған. Одан соң жүк көлігі Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Артынша "ҚазАвтоЖол" қызметтік пикапы мен УАЗ Hunter автокөлігі де соқтығысқан", - дейді облыстық полицияда.
Жол апатының салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ УАЗ Hunter автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл көліктер қозғалысқа шектеулер енгізілгенге дейін жолға шыққан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. Қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Жамбыл облысында жүк көліктері жол апатына ұшырады: екі адам зардап шекті
Жаңалықтар
0