https://sputnik.kz/20260310/putin-men-tramp-telefon-arqyly-iran-men-ukrainadagy-zhagdaydy-talqylady-61737317.html
Путин мен Трамп телефон арқылы Иран мен Украинадағы жағдайды талқылады
Путин мен Трамп телефон арқылы Иран мен Украинадағы жағдайды талқылады
Sputnik Қазақстан
Ресей мен АҚШ басшылары әлемдегі және Украинадағы жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті 10.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-10T08:23+0500
2026-03-10T08:23+0500
2026-03-10T08:23+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш пен иран қақтығысы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56887541_0:0:2884:1623_1920x0_80_0_0_b48c5e85ddca627347bcb3d47d7fc908.jpg
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Владимир Путин мен Дональд Трамп шамамен бір сағат телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлады Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.Трамп әлемдегі қазіргі жағдайға қатысты бірқатар маңызды мәселені талқылау үшін Ресей президентіне қоңырау шалды. Әңгімеде Иранмен қақтығысқа және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге ерекше назар аударылған.Кремльдің мәліметінше Путинмен әңгіме барысында Трамп Украинадағы қақтығысты мүмкіндігінше тез тоқтатып, ұзақ мерзімді реттеуге қол жеткізу үшін атысты тоқтатуға мүдделі екенін тағы да мәлімдеген.Президенттер сондай-ақ Венесуэла мәселесін, әсіресе оны әлемдік мұнай нарығындағы жағдай тұрғысынан талқылады.Жалпы, Путин мен Трамп шамамен бір сағат әңгімелескен. Соңғы рет олар 2025 жылдың желтоқсанында телефон арқылы сөйлескен.Кейін Трамп Флоридада журналистерге берген сұхбатында Путин Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге көмектескісі келетінін айтты."Әрине, біз Таяу Шығыс туралы сөйлестік және ол көмектескісі келетінін айтты", - деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56887541_56:0:2787:2048_1920x0_80_0_0_0ca3e287e89e8135b5a043bc5ca65534.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы
Путин мен Трамп телефон арқылы Иран мен Украинадағы жағдайды талқылады
Ресей мен АҚШ басшылары әлемдегі және Украинадағы жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Владимир Путин мен Дональд Трамп шамамен бір сағат телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлады Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Трамп әлемдегі қазіргі жағдайға қатысты бірқатар маңызды мәселені талқылау үшін Ресей президентіне қоңырау шалды. Әңгімеде Иранмен қақтығысқа және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге ерекше назар аударылған.
"Ресей президенті Ирандағы қақтығысты мүмкіндігінше тез саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған бірқатар ұсыныс айтты. Бұл ретте ол Парсы шығанағы елдерінің лидерлерімен, Иран президенті Масуд Пезешкианмен және басқа да бірқатар мемлекет басшыларымен жүргізілген келіссөздерді ескеру қажеттігін атап өтті", — делінген хабарламада.
Кремльдің мәліметінше Путинмен әңгіме барысында Трамп Украинадағы қақтығысты мүмкіндігінше тез тоқтатып, ұзақ мерзімді реттеуге қол жеткізу үшін атысты тоқтатуға мүдделі екенін тағы да мәлімдеген.
"Біздің тарапымыздан Дональд Трамптың командасы мен оның өзінің арағайындық күш-жігері оң бағаланды. Қазіргі уақытта майдан шебінде болып жатқан жағдайға сипаттама берілді", - деді Ушаков.
Президенттер сондай-ақ Венесуэла мәселесін, әсіресе оны әлемдік мұнай нарығындағы жағдай тұрғысынан талқылады.
"Жалпы алғанда, әңгіме өте мазмұнды өтті және екі елдің алдағы жұмысына нақты әсер етеді деп айтуға болады", - деді Ушаков.
Жалпы, Путин мен Трамп шамамен бір сағат әңгімелескен. Соңғы рет олар 2025 жылдың желтоқсанында телефон арқылы сөйлескен.
Кейін Трамп Флоридада журналистерге берген сұхбатында Путин Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге көмектескісі келетінін айтты.
"Әрине, біз Таяу Шығыс туралы сөйлестік және ол көмектескісі келетінін айтты", - деді ол.