"Ордабасы" жастар командасының капитаны қамауға алынды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуОфициальный мяч чемпионата мира по футболу 2018 Telstar, архивное фото
Официальный мяч чемпионата мира по футболу 2018 Telstar, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Шымкентте жолдастық кездесу кезінде "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар футбол командалары арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға салдарынан дене жарақатын алған қатысушылардың бірі ауруханаға жеткізілді.
"Ордабасы" командасының капитаны жанжалдың бастамашысы болғандығы анықталды. Ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу кешені жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Полиция бұзақылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиғаның барлық қатысушысы полиция бөліміне жеткізілді.
Жаңалықтар
0