Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатты

Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет ақысын айыппұлсыз толық қайтару ұсынылады
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Air Astana наурыз айының соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатылатынын хабарлады.
"Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатады", - деп хабарлады компанияда.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет ақысын айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалап отырғанын хабарлады.
Таяу Шығыс елдерінен 7300 қазақстандық эвакуацияланды - СІМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Таяу Шығыс елдерінен 7300 қазақстандық эвакуацияланды - СІМ
Жаңалықтар
0