15 жастағы астаналық шахматшы Ресейдегі турнирде үздік ондыққа енді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныСауат Нұрғалиев
Сауат Нұрғалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
Сауат Нұрғалиев Ян Непомнящийден небәрі 10 ұпайға артта қалып отыр
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Мәскеуде Aeroflot Open 2026 халықаралық шахмат турнирі өтті.
Астанадан барған жас спортшы Сауат Нұрғалиев те жарысқа қатысып, 15 жастағы халықаралық шебер сегізінші орын алды.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныСауат Нұрғалиев
15-летний шахматист Сауат Нургалиев из Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Сауат Нұрғалиев
"Турнир швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турмен өткізілді. Непомнящий 7,5 ұпаймен сенімді жеңіске жетті, ал Сауат 6,5 ұпай жинап, төрт ойында жеңіске жетіп, бес ойында тең түсті, бірде-бір жеңіліссіз. Ол тізімде 74-ші орында болды, бірақ Есипенко, Грищук, Даниил Дубов және басқа да көптеген титулдық ойыншыдан озып кетті", - деп хабарлады Астана әкімдігі.
Қазақстандық шахматшы әлемнің үздік отыздығында ойнап, турнирді жоғары деңгейде аяқтады.
Соңғы раундта Сауат 17 жастағы ресейлік гроссмейстер Савва Ветохинді 113 қадамнан тұратын ұзаққа созылған айқастан кейін жеңді.
Софья Самоделкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2026
Қазақстандық спортшы әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар қатарына енді
Жаңалықтар
0