Димаштың испаниялық жанкүйерлері әншінің туған күніне орай бейнебаян түсіріп жатыр

© Photo : Минтуризма и спорта КазахстанаДимаш Кудайберген снимает клип в Казахстане
Димаш Кудайберген снимает клип в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Испаниялық БАҚ қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ерекше жобаны қолға алғанын хабарлады.
La Voz de Galicia аймақтық газеті мен Telemarinas сандық басылымы жанкүйерлер әншінің туған күніне тосын сый ретінде бейнеклип түсіріп жатқанын жазды.
Басылымдардың хабарлауынша, Испанияның әртүрлі аймақтарынан және басқа елдерден келген 25-ке жуық жанкүйер Оя муниципалитетіне және Галисиядағы Валь-Миньор алқабына жиналды. Олардың мақсаты – 24 мамырда 32 жасқа толатын Димаш Құдайберген үшін құттықтау бейнеролигін жасау.
Түсірілім Moreiras фермасында басталды, онда жылқылар мен сұңқарлардың көрінісі дайындалды. Жобада киіз үйлер, Орталық Азия халықтарының дәстүрлі көшпелі тұрғын үйлері де пайдаланылады. Осы элементтердің арқасында Атлант мұхитының жағалауындағы пейзаждар біраз уақыт "қазақ даласына" айналды.
Жоба бастамашыларының бірі – испаниялық журналист Йоланда Гарсия, әншінің испан фан-клубының мүшесі. Ол Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен әлеуметтік желі арқылы танысқанын және уақыт өте келе Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытқанын айтады. Оның пікірінше, әншінің музыкасы көптеген тыңдаушыны шабыттандырып, өз елінің дәстүрімен тереңірек танысуға шақырады.
Басылымдар сонымен қатар сүйікті әншісі үшін әлемді шарлап жүрген жанкүйерлер туралы да жазды. Мысалы, Жиронадан келген 72 жастағы жанкүйер соңғы жылдары әншінің он алты концертіне қатысқанын айтқан. Басқа жанкүйерлер оның музыкасымен танысқаннан кейін Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытып, тіпті қазақ тілін үйреніп жатқандарын жеткізген.
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Димаш Құдайберген Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйлады
Жаңалықтар
0