Brent мұнайының бағасы 118 доллардан асты

© Associated PressМұнай өндірісі
Мұнай өндірісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Жазылу
Иран төңірегіндегі қақтығыстың күшеюі аясында Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау іс жүзінде тоқтатылды
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Сауда деректері бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 118 доллардан асты, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл мұнайдың бір баррелі соңғы рет 2022 жылдың маусым айында осы деңгейге дейін қымбаттаған.
Британияның Financial Times газеті трейдерлерге сілтеме жазғанындай, мұнай секторы тарихтағы ең ауыр дағдарыстардың біріне тап болып отыр. Таяу Шығыстағы көптеген ел өндірісті қысқартып немесе кен орындарын толығымен жауып жатыр.
Иран төңірегіндегі қақтығыстың күшеюі аясында Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау іс жүзінде тоқтатылды, ал сақтандырушылар қауіптердің артуына байланысты сыйақыларды көтеріп, сақтандыруды қайта қарастыра бастады.
Бұл Парсы шығанағы елдерінен әлемдік мұнай және сұйытылған табиғи газ нарығына жеткізудің негізгі бағыты болып табылады.Оған әлемдік мұнай, мұнай өнімдері және сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен 20%-ы тиесілі.
Работа нефтяных станков - качалок - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Brent мұнайының бағасы 86 доллардан асты
Жаңалықтар
0