https://sputnik.kz/20260309/ali-khameneidin-uly-irannyn-zhana-koshbasshysy-bolyp-tagayyndaldy-61724639.html
Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа көшбасшысы болып тағайындалды
Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа көшбасшысы болып тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Моджтаба Хаменеиге адалдыққа ант берді 09.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-09T09:53+0500
2026-03-09T09:53+0500
2026-03-09T09:59+0500
ақш пен иран қақтығысы
тағайындау
көшбасшы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/09/61724036_0:128:854:608_1920x0_80_0_0_c0bd5cf99c3d4d6317eefada5dd666e6.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. АҚШ пен Израиль шабуылдарынан қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып сайланды, деп растады Ислам Республикасының сарапшылар кеңесінде.Кеңестің мәлімдемесінде Моджтаба Хаменеи сайланғаны жарияланды, деп хабарлайды Tasnim ақпарат агенттігі.Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Хаменеидің ұлы АҚШ президенті Дональд Трамптың Сарапшылар кеңесінің отырысына шабуыл жасау туралы қорқытуларына қарамастан сайланғанын мәлімдеді.Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Моджтаба Хаменеиге адалдыққа ант берді және оның нұсқауларын орындауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.Бұрынғы Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль бастаған әскери операцияның алғашқы күнінде, 28 ақпанда қаза тапты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Қазіргі уақытта Ислам Республикасын уақытша басқарушы кеңес басқарады және оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голам Хоссейн Мохсени-Эжеи және Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі Әлиреза Арафи кіреді.
https://sputnik.kz/20260308/iran-bir-qarys-zherin-de-bermeydi---masud-pezeshkian-61720302.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/09/61724036_0:48:854:688_1920x0_80_0_0_94dbb3c35a3f722fc3151fc0817331b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, тағайындау, көшбасшы
ақш пен иран қақтығысы, тағайындау, көшбасшы
Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа көшбасшысы болып тағайындалды
09:53 09.03.2026 (жаңартылды: 09:59 09.03.2026) Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Моджтаба Хаменеиге адалдыққа ант берді
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. АҚШ пен Израиль шабуылдарынан қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып сайланды, деп растады Ислам Республикасының сарапшылар кеңесінде.
Кеңестің мәлімдемесінде Моджтаба Хаменеи сайланғаны жарияланды, деп хабарлайды Tasnim ақпарат агенттігі.
"Бүгінгі отырыста Сарапшылар кеңесінің құрметті өкілдерінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сүйене отырып, аятолла Сейед Моджтаба Хаменеи (Алла оны қорғасын) Иран Ислам Республикасының үшінші Жоғарғы көшбасшысы ретінде таныстырылды", - делінген мәлімдемеде.
Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Хаменеидің ұлы АҚШ президенті Дональд Трамптың Сарапшылар кеңесінің отырысына шабуыл жасау туралы қорқытуларына қарамастан сайланғанын мәлімдеді.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Моджтаба Хаменеиге адалдыққа ант берді және оның нұсқауларын орындауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды
РИА Новости.
Бұрынғы Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль бастаған әскери операцияның алғашқы күнінде, 28 ақпанда қаза тапты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Қазіргі уақытта Ислам Республикасын уақытша басқарушы кеңес басқарады және оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голам Хоссейн Мохсени-Эжеи және Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі Әлиреза Арафи кіреді.