https://sputnik.kz/20260308/qtzh-tasymaldaudy-zhosparlaudyn-avtomattandyrylgan-zhuyesin-engizip-zhatyr-61723185.html
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады 08.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-08T18:38+0500
2026-03-08T18:38+0500
2026-03-08T18:38+0500
тасымалдау
теміржол
теміржол тасымалдаушысы
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/17/58134669_0:93:1280:813_1920x0_80_0_0_767c3e03fd05be90e454d0dc5e6f2108.jpg
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.Бұл жүйе жүк жөнелтушілер өтінімдерінің қайталануына жол бермейді.Осылайша, барлық мәлімделген және келісілген жүктердің төрттен бір бөлігін жүк жөнелтушілер тасымалдауды талап етпеген. Бұл мәселе жүйелі сипат алған және жылдар бойы жалғасуда. Бұл инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін жасанды түрде резервтеуге әкеледі және нақты жүктерді тасымалдауға қол жеткізуді шектеп отыр.Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады. Бұл нарық қатысушыларының инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, желіні пайдалану тиімділігін арттыруға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық жүйені толық апробациядан кейін енгізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.Соңғы екі жылда елдің теміржол тасымалы жүк айналымының тарихи максимумына жеткендігін қаперге сала кетейік. Тек 2025 жылы Ресеймен тасымалдау көлемі 92 млн тоннаны (+3,5 пайыз), Қытаймен – 35,6 млн тоннаны (+11 пайыз), Өзбекстанмен – 32,3 млн тоннаны (+16 пайыз) құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/17/58134669_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_dc08332b512e2c071451e6b418a8a79a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тасымалдау, теміржол, теміржол тасымалдаушысы
тасымалдау, теміржол, теміржол тасымалдаушысы
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр
Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бұл жүйе жүк жөнелтушілер өтінімдерінің қайталануына жол бермейді.
"30-дан астам жылжымалы құрам иесі жаңа жүйеге қосылған. Бұл тасымалдау көлемін әдейі асыра бағалауды және қайталанатын өтінім беруді болдырмауға мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы үш жылдың тасымал серпіні көрсеткендей, жүк жөнелтушілер 2023 жылдан бастап 202,5 млн тоннаға жуық жүк мәлімдеген, оның ішінде жүк жөнелтушілер іс жүзінде 88 млн тоннаға жуық жүк тасымалдаған, бұл ретте ҚТЖ 118 млн тоннаға келісім берген", - деп жазылғанхабарламада.
2023 жыл – 73,6 млн тонна мәлімделді, 38,2 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 27,3 млн тонна;
2024 жыл – 62 млн тонна мәлімделді, 39,3 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 27,5 млн тонна;
2025 жыл – 66,9 млн тонна мәлімделді, 41 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 33 млн тонна.
Осылайша, барлық мәлімделген және келісілген жүктердің төрттен бір бөлігін жүк жөнелтушілер тасымалдауды талап етпеген. Бұл мәселе жүйелі сипат алған және жылдар бойы жалғасуда. Бұл инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін жасанды түрде резервтеуге әкеледі және нақты жүктерді тасымалдауға қол жеткізуді шектеп отыр.
Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады. Бұл нарық қатысушыларының инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, желіні пайдалану тиімділігін арттыруға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық жүйені толық апробациядан кейін енгізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Соңғы екі жылда елдің теміржол тасымалы жүк айналымының тарихи максимумына жеткендігін қаперге сала кетейік. Тек 2025 жылы Ресеймен тасымалдау көлемі 92 млн тоннаны (+3,5 пайыз), Қытаймен – 35,6 млн тоннаны (+11 пайыз), Өзбекстанмен – 32,3 млн тоннаны (+16 пайыз) құрады.