Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев өз аумағы арқылы мұнай айдауды қайта бастағысы келмейді – Фицо

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуПремьер-министр Словакии Роберт Фицо
Премьер-министр Словакии Роберт Фицо  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2026
Жазылу
Словакия үшін бұл өте маңызды мәселе болып отыр
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Украина арқылы өтетін мұнай тасымалының Словакия үшін өмірлік маңызы бар, бірақ президент Владимир Зеленский оны жалғастыруды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо.
"Украина аумағы арқылы мұнай жеткізу біз үшін өмірлік маңызды мәселе болып отыр", — деді Фицо жексенбі күні әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған бейнеүндеуінде.
Алайда, оның айтуынша, Владимир Зеленский оны жалғастыруды көздеп отырған жоқ, бұл Словакия үшін шикізат бағасы мен тасымалдау төлемі бойынша орасан зор шығынға әкеледі.
Киев 27 қаңтарда "Дружба" мұнай құбыры арқылы Ресей мұнайының Словакия мен Венгрияға транзиттік жеткізілімін тоқтатты.
Словакия билігінің пікірінше, "Дружба" мұнай құбыры жұмыс істеп тұр, ал мұнай жеткізілімінің тоқтатылуы — Украина тарапынан қабылданған саяси шешім.
Жаңалықтар
0