Ираннан 66 қазақстандық елге қайтарылды

© Sputnik / Илья НаймушинИраннан 66 қазақстандық елге қайтарылды
Ираннан 66 қазақстандық елге қайтарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2026
Жазылу
Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыстан 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Ираннан шығарылған қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыстан 4700-ден астам қазақстандық елге оралды. Әуе рейстерімен қатар азаматтарды автобуспен де көрші елдерге шығарып жатыр.
Мәселен, 6 наурызда “Заркух” компаниясының қызметкерлері - Қазақстанның 7 азаматы Иран-Армения шекарасына жеткізілді.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, "Заркух" компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды”, - делінген ресми хабарламада.
Иранский кризис - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Таяу Шығыстан 3 300-ден астам қазақстандық елге оралды
Жаңалықтар
0