Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропалық комиссия Украинаға "Дружба" мұнай құбырын жөндеуге көмектеседі

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуЕуропалық комиссия Украинаға "Дружба" мұнай құбырын жөндеуге көмектеседі
Еуропалық комиссия Украинаға Дружба мұнай құбырын жөндеуге көмектеседі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Еуропалық комиссия Украина үшін "Дружба" мұнай құбырын жөндеуге қаржыландыру мүмкіндігін зерттеп жатыр, деп хабарлады Брюссельде өткен брифингте Еурокомиссияның өкілі Олоф Жилл.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Мен ЕК төрағасы (Урсула фон дер Лейен – ред.) президент Зеленскиймен не туралы сөйлескенін егжей-тегжейлі айта алмаймын. Тек Еурокомиссия мұнай жеткізілімін жаңартуды қолдау нұсқаларын, соның ішінде мүмкін қаржылық қолдауды зерттеп жатқанын растай аламын. Бірақ қазір басқа ештеңе айта алмаймын", - деді ол
Владимир Зеленский бұған дейін Венгрия премьер-министріне ЕО-дан Украина үшін кезекті несиені Венгрия тарапының бұғаттауына байланысты сес танытқан болатын.
Ол сондай-ақ "Дружба" мұнай құбырының жұмысын қалпына келтіргісі келмейтінін, мұнай жеткізілімін қалпына келтіру - Орбанның сайлауда жеңуіне көмектесуі мүмкін деп мәлімдеген болатын.
Будапешт - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия мұнай блокадасына қарсы жауап шараларын күшінде сақтайды
Жаңалықтар
0