https://sputnik.kz/20260306/zhumyrtqany-eaeo-elderinen-importtauga-tyyym-salynady-61666224.html
Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі
Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста сиыр етін экспорттау... 06.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-06T09:59+0500
2026-03-06T09:59+0500
2026-03-06T10:13+0500
еаэо
жұмыртқа
ет
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_86e37fa582ba412185511fc3661f131d.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкімет.Ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізбеу туралы шешім қабылданды.Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі. Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары да назарға алды.Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ ІҚМ бұқаларын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.Алты айға дейін тауық жұмыртқасын ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4%-ға, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98%-ды құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fdbb1cfdafea23f8b79c1ecc0b5e1134.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, жұмыртқа, ет
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкімет.
Ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізбеу туралы шешім қабылданды.
Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі. Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары да назарға алды.
"Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгеріс енгізеді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ ІҚМ бұқаларын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.
Алты айға дейін тауық жұмыртқасын ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4%-ға, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98%-ды құрады.