ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Жазылу
Қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты табиғи қар көшкіні түсу ықтималдығы жоғары
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі елдің бірнеше облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
"Қазселденқорғау" таулы аймақтарындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерді тұрақты түрде бақылап, тексеріп отырады, дейді министрлікте.
2025–2026 жылдарғы қар көшкіні қауіпті кезеңі басталғалы бері Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 61 рет қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 79 рет қар көшкінін алдын ала түсіру жұмысы жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталып отыр. Алматы мен Жетісу облыстарының тауларында қар қалыңдығы кей жерлерде 1,4 метрге жетті, бұл қалыпты көрсеткіштен екі есе көп.
"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес 2026 жылғы 6–8 наурызда Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар мен боран түріндегі нөсер жауын-шашын күтіледі. Қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты табиғи қар көшкіні түсу ықтималдығы жоғары", - дейді министрлікте.
ТЖМ қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескерту жарияланған кезде таулы аймақтарға бармауға және қар басқан тік беткейлерге шығудан аулақ болуға шақырды.
Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Алматы тауында адамды қар көшкіні басып қалды
Жаңалықтар
0