https://sputnik.kz/20260306/qaragandy-oblysynda-zharty-gasyrdan-astam-uaqyt-zhondeu-kormegen-tas-zhol-zhangyrtylady-61685609.html
Қарағанды облысында жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген тас жол жаңғыртылады
Қарағанды облысында жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген тас жол жаңғыртылады
Sputnik Қазақстан
Жоба ұзындығы 122 шақырымды құрайтын учаскені толық реконструкциялауды қамтиды 06.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-06T16:48+0500
2026-03-06T16:48+0500
2026-03-06T16:48+0500
қарағанды
құрылыс
жол
https://sputnik.kz/img/07ea/03/06/61685449_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_07bd6f4498b433bc61c275da0b6791d7.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қарағанды – Жезқазған автожолын жаңғырту жұмыстары биыл басталады, деп хабарлады облыс әкімдігі.Қарағанды облысында биыл "Қарағанды – Жезқазған" автожолын ауқымды реконструкциялау жобасы басталады.Жоба ұзындығы 122 шақырымды құрайтын учаскені толық реконструкциялауды қамтиды. Жобаның басты ерекшелігі — жаңа тәсілдің қолданылуы.Жүргізушілерге қолайсыздық туғызбау үшін көлік қозғалысы уақытша айналма жолдарға бағытталмайды. Алдымен қолданыстағы трассаның бойымен қатар жаңа екі жолақты жол салынады.Жоба аясында жол инфрақұрылымы да кешенді түрде жаңартылады. Атап айтқанда, алты көпір реконструкцияланып, 130-дан астам су өткізу құбыры орнатылады. Сонымен қатар көлік айрықтары мен кері бұрылуға арналған жолақтар салынып, демалыс алаңдары мен автобус аялдамалары жабдықталады.Сервистік алаңдарда эстакадалар, санитарлық-гигиеналық тораптар және жылы дәретханалар қарастырылады.Автожолды реконструкциялау жұмыстарын 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланған.
https://sputnik.kz/20260129/zhambyl-oblysyndagy-70-ten-astam-su-arnasyna-zhondeu-zhumystary-zhurgiziledi-60786234.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/06/61685449_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_8c5ece8ea7c2dc523eceaa6c1fda6539.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, құрылыс, жол
Қарағанды облысында жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген тас жол жаңғыртылады
Жоба ұзындығы 122 шақырымды құрайтын учаскені толық реконструкциялауды қамтиды
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қарағанды – Жезқазған автожолын жаңғырту жұмыстары биыл басталады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды облысында биыл "Қарағанды – Жезқазған" автожолын ауқымды реконструкциялау жобасы басталады.
"1970-жылдары салынған бұл трасса жарты ғасырдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Жаңғырту нәтижесінде жол төрт жолақты болады, бұл оның өткізу қабілетін арттырып, жол қауіпсіздігін күшейтіп, сапар уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Жоба ұзындығы 122 шақырымды құрайтын учаскені толық реконструкциялауды қамтиды. Жобаның басты ерекшелігі — жаңа тәсілдің қолданылуы.
Жүргізушілерге қолайсыздық туғызбау үшін көлік қозғалысы уақытша айналма жолдарға бағытталмайды. Алдымен қолданыстағы трассаның бойымен қатар жаңа екі жолақты жол салынады.
"Ол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қозғалысы сол жолға ауыстырылып, содан соң қазіргі жол жамылғысын жаңғырту жұмыстары басталады. Нәтижесінде автожол толыққанды төрт жолақты магистральға айналады", - дедйі әкімдікте.
Жоба аясында жол инфрақұрылымы да кешенді түрде жаңартылады. Атап айтқанда, алты көпір реконструкцияланып, 130-дан астам су өткізу құбыры орнатылады. Сонымен қатар көлік айрықтары мен кері бұрылуға арналған жолақтар салынып, демалыс алаңдары мен автобус аялдамалары жабдықталады.
Сервистік алаңдарда эстакадалар, санитарлық-гигиеналық тораптар және жылы дәретханалар қарастырылады.
Автожолды реконструкциялау жұмыстарын 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланған.