https://sputnik.kz/20260306/iranga-qarsy-sogys-saldarynan-nato-da-kelispeushilik-tuyndady--ryutte-61653774.html
Иранға қарсы соғыс салдарынан НАТО-да келіспеушілік туындады – Рютте
Иранға қарсы соғыс салдарынан НАТО-да келіспеушілік туындады – Рютте
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына байланысты альянс ішінде пікір қайшылығы туындағанын мойындады, деп... 06.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-06T14:20+0500
2026-03-06T14:20+0500
2026-03-06T14:20+0500
иран
нато
https://sputnik.kz/img/175/86/1758652_0:55:2345:1374_1920x0_80_0_0_e1b167031bc936b0b298d8a84dcbbcdb.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына байланысты альянс ішінде пікір қайшылығы туындағанын мойындады, деп хабарлады Рейтер.Оның айтуынша, Еуропада "АҚШ президентінің әрекетіне қолдау көрсеткен". Одақтастар қақтығысқа тікелей қатыспаса да, АҚШ-қа көмектесіп отыр.Бұған дейін Испания үкіметі Рота және Морон әскери базалары АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операцияларында қолданылмайтынын мәлімдеп, бұл соққыларды халықаралық мандатсыз жасалған біржақты әрекет деп атаған.Кейін Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитт Дональд Трамп Испанияға сауда қатынасын тоқтату туралы ескерту жасағаннан кейін Мадрид АҚШ әскерімен Иранға қарсы ынтымақтастыққа келіскенін хабарлады.АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранге соққы жасай бастаған болатын.
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/175/86/1758652_0:0:2345:1759_1920x0_80_0_0_507a2ee2f0694d19b0dd8260c65eb458.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран, нато
Иранға қарсы соғыс салдарынан НАТО-да келіспеушілік туындады – Рютте
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына байланысты альянс ішінде пікір қайшылығы туындағанын мойындады, деп хабарлады Рейтер.
"Испания да НАТО миссияларына белсенді қатысып жатыр. Мысалы, Испанияның Patriot әуе қорғаныс жүйесі Түркияда он жылдан бері жұмыс істеп тұр, АҚШ-тың негізгі мүдделерін қорғап келеді. Иә, келіспеушілік бар, бірақ бұл – демократиялық елдердің альянсы", – деді ол.
Оның айтуынша, Еуропада "АҚШ президентінің әрекетіне қолдау көрсеткен". Одақтастар қақтығысқа тікелей қатыспаса да, АҚШ-қа көмектесіп отыр.
"Одақтастар арасында келіспеушілік туындаған кезде оларды реттеуге көмектесу үшін бейтарап болуға тырысамын", – деп атап өтті Рютте.
Бұған дейін Испания үкіметі Рота және Морон әскери базалары АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операцияларында қолданылмайтынын мәлімдеп, бұл соққыларды халықаралық мандатсыз жасалған біржақты әрекет деп атаған.
Кейін Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитт Дональд Трамп Испанияға сауда қатынасын тоқтату туралы ескерту жасағаннан кейін Мадрид АҚШ әскерімен Иранға қарсы ынтымақтастыққа келіскенін хабарлады.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранге соққы жасай бастаған болатын.