https://sputnik.kz/20260306/iran-avraam-linkoln-ushaq-tasygyshyna-dronmen-soqqy-zhasady-61660480.html
Иран "Авраам Линкольн" ұшақ тасығышына дронмен соққы жасады
Иран "Авраам Линкольн" ұшақ тасығышына дронмен соққы жасады
Sputnik Қазақстан
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы операция бастады 06.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-06T08:23+0500
2026-03-06T08:23+0500
2026-03-06T08:23+0500
ақш пен иран қақтығысы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/06/61659329_0:0:769:432_1920x0_80_0_0_c3d28af8acf50a69e993aa4cec83008e.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Иран дрондары Оман шығанағында америкалық ұшақ тасығышқа соққы жасады. Бұл туралы "Хатам әл-Анбия" әскери қолбасшылығының орталық штабы мәлімдеді.Жексенбі күні Иран әскерилері бұл ұшақ тасымалдағышқа төрт қанатты зымыранмен соққы жасалғанын да хабарлаған. Шабуылдан кейін кеме Үнді мұхиты бағытына қарай бет алған. Алайда америкалық әскери қолбасшылық кемеге снаряд тигені туралы ақпаратты жоққа шығарды.28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы операция бастаған. Тель-Авивтің мәліметінше, операцияның мақсаты — Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу.Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жоямыз деп сес көрсетіп, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.Ал Иран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы жасап жатқанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/06/61659329_88:0:664:432_1920x0_80_0_0_45b810705a3cbec953db9612d56cc0d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы
Иран "Авраам Линкольн" ұшақ тасығышына дронмен соққы жасады
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы операция бастады
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Иран дрондары Оман шығанағында америкалық ұшақ тасығышқа соққы жасады. Бұл туралы "Хатам әл-Анбия" әскери қолбасшылығының орталық штабы мәлімдеді.
"Оман шығанағында Иранның теңіз шекарасына 340 шақырымға дейін жақындап, акваторияны бақылауға алмақ болған "Авраам Линкольн" ұшақ тасығышына Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери-теңіз күштері дрондар арқылы шабуылдады. Осыдан кейін кеме шығанақтан мың шақырымнан астам қашықтыққа шегініп кетті", — деп мәлімдеді Иранның IRIB мемлекеттік телерадио корпорациясы.
Жексенбі күні Иран әскерилері бұл ұшақ тасымалдағышқа төрт қанатты зымыранмен соққы жасалғанын да хабарлаған. Шабуылдан кейін кеме Үнді мұхиты бағытына қарай бет алған. Алайда америкалық әскери қолбасшылық кемеге снаряд тигені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы операция бастаған. Тель-Авивтің мәліметінше, операцияның мақсаты — Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу.
Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жоямыз деп сес көрсетіп, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.
Ал Иран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы жасап жатқанын мәлімдеді.