Ескі 10 000 теңгелік банкноттардың жарамдылық мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Жазылу
10 000 теңгелік банкнот 2024 жылдың 28 маусымынан 2026 жылдың 27 маусымына дейін айналымда болады
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Елдегі ескі 10 мың теңгелік банкноттардың жарамдылық мерзімі бір жылға, 2027 жылдың маусымына дейін ұзартылды.
Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов брифингте мәлімдеді.

"Иә, біз жарамдылық мерзімін тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз. Оларға сұраныс жоғары. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейлі банктер бізден жарамдылық мерзімін тағы бір жылға ұзартуды сұрады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Қаңтар айында Ұлттық банк жаңа банкноттарды шығаруды жалғастырып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар 2000 және 10 000 теңгелік банкноттардың параллельді айналым кезеңі 2026 жылы аяқталатыны хабарланды.
10 000 теңгелік банкнот 2024 жылдың 28 маусымынан 2026 жылдың 27 маусымына дейін айналымда болады. Ал 2000 теңгелік банкнот 2024 жылдың 25 желтоқсанынан 2026 жылдың 24 маусымына дейін айналымда болады.
Национальный банк Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды
Жаңалықтар
0