Тоқаев Әзербайжанға жасалған дрон шабуылын қатаң айыптады

© Скриншот видео из социальных сетейДым в аэропорту Нахичеваня после удара дрона
Дым в аэропорту Нахичеваня после удара дрона  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Жазылу
Президент болған оқиғаның мән-жайы егжей-тегжейлі тергелетініне сенім білдірді
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді , деп хабарлады президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.
"Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді", - деп жазды Смадияров.
Әзербайжан қорғаныс министрлігі Ираннан барлығы төрт ұшқышсыз ұшу аппараты ұшырылғанын хабарлады. Соңғы мәліметтерге сәйкес Нахчыван әуежайына түскен дрондардан 4 адам зардап шеккен.
"Олардың бірін біздің армия жойып жіберді, ал қалғандары азаматтық инфрақұрылымға, соның ішінде оқу уақытында орта мектеп ғимаратына бағытталған. Орта мектеп ғимаратына бағытталған дрон, бақытымызға орай, мақсатқа жете алмады, апатқа ұшырап, мектептің жанында жарылды", — делінген министрліктің хабарламасында.
Иран сыртқы істер министрлігі Әзербайжанға қарсы жасалған соққыны жоққа шығарды.
Баку Тегеранның "бұл дрондарды ұшыруға қатысымыз жоқ" деген мәлімдемесін қабылдамады.
Дрон, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Ираннан барлығы төрт дрон ұшырылды – Әзербайжан қорғаныс министрлігі
Жаңалықтар
0