https://sputnik.kz/20260305/terezeden-sygalagan-buryngy-ayelin-mazalagan-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-61651142.html
"Терезеден сығалаған": бұрынғы әйелін мазалаған ер адамға сот үкімі шықты
"Терезеден сығалаған": бұрынғы әйелін мазалаған ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Сандықтау ауданында ер адам ажырасып кеткен әйелін аңдумен болған. Әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды... 05.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-05T22:48+0500
2026-03-05T22:48+0500
2026-03-05T22:48+0500
ақмола облысы
аңду
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Сандықтау ауданында ер адам ажырасып кеткен әйелін аңдумен болған. Әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды облыстық сот.Ер адам жұбайымен некесін бұзғаннан кейін, оның қарсылығына қарамастан, қыр соңынан қалмаған.Ер адам бұл әрекетін бір жылға жуық жалғастырған. Салдарынан әйелдің бойын үрей билеп, жүйкесіне салмақ түскен.Іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Сталгинг" бойынша қаралды."Сот үкімімен ер адамның мінез-құлқына 6 ай мерзімге шектеу қойылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды", - дейді Ақмола облыстық соты.
https://sputnik.kz/20260210/stalking-zhasagan-ush-adam-qamauga-alyndy-61050824.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, аңду
"Терезеден сығалаған": бұрынғы әйелін мазалаған ер адамға сот үкімі шықты
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Сандықтау ауданында ер адам ажырасып кеткен әйелін аңдумен болған. Әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды облыстық сот.
Ер адам жұбайымен некесін бұзғаннан кейін, оның қарсылығына қарамастан, қыр соңынан қалмаған.
"Ер адам әйелдің үйі мен жұмысының жанында күтіп отырған. Көшеде аңдып, телефонмен мазалаған. Қорлайтын және әдепсіз сипаттағы хабарламалар жіберіп, үйінің терезесінен сығалаған", - дейді сот.
Ер адам бұл әрекетін бір жылға жуық жалғастырған. Салдарынан әйелдің бойын үрей билеп, жүйкесіне салмақ түскен.
Іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Сталгинг" бойынша қаралды.
"Сот үкімімен ер адамның мінез-құлқына 6 ай мерзімге шектеу қойылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды", - дейді Ақмола облыстық соты.