https://sputnik.kz/20260305/tarazda-qyzmetkerlerge-300-mln-tengeden-astam-zeynetaqy-zharnasy-audarylmagan-61634236.html
Таразда қызметкерлерге 300 млн теңгеден астам зейнетақы жарнасы аударылмаған
Таразда қызметкерлерге 300 млн теңгеден астам зейнетақы жарнасы аударылмаған
Sputnik Қазақстан
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды 05.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-05T09:41+0500
2026-03-05T09:41+0500
2026-03-05T09:41+0500
тараз
зейнетақы жинағы
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:55:1498:898_1920x0_80_0_0_71c5b426fbe87b41d618485b38113dc8.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Тараз қаласының прокуратурасы 2515 азаматтың құқықтарының бұзылуына себеп болған еңбек және зейнетақы заңнамасының талаптарын сақтамау фактілері анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.Атап айтқанда, 2025 жылдың тамызы мен желтоқсан айлары аралығында "Жасыл Ел Тараз" ЖШС-нің 650 қызметкеріне жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған.Қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары қорға аударылды.Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 300 млн теңге зейнетақы жарналары толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
https://sputnik.kz/20260210/zeynetaqy-zhinagyn-merziminen-buryn-paydalanu-shegi-koterilui-mumkin-61061468.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_61:0:1394:1000_1920x0_80_0_0_2ddc7166b6a5bc2c30922dc72679a282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, зейнетақы жинағы, бас прокуратура
тараз, зейнетақы жинағы, бас прокуратура
Таразда қызметкерлерге 300 млн теңгеден астам зейнетақы жарнасы аударылмаған
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Тараз қаласының прокуратурасы 2515 азаматтың құқықтарының бұзылуына себеп болған еңбек және зейнетақы заңнамасының талаптарын сақтамау фактілері анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.
Атап айтқанда, 2025 жылдың тамызы мен желтоқсан айлары аралығында "Жасыл Ел Тараз" ЖШС-нің 650 қызметкеріне жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған.
Қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары қорға аударылды.
"Осы тектес кемшіліктер Тараз қаласының білім бөліміне қарасты мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек еткен 1895 қызметкерге қатысты орын алған, қызметкерлерге 283 млн теңге көлемінде зейнетақы жарналары төленбеген", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 300 млн теңге зейнетақы жарналары толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.