ИРСК АҚШ пен Израильге қарсы операциялардың жаңа толқынын бастады

© REUTERS / Majid AsgaripourИрандағы срққылар
Ирандағы срққылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Жазылу
Сарапшылар Иран қақтығыстқа төтеп бере алады, ал АҚШ Таяу Шығыстан кетуге мәжбүр болады деп мәлімдеді
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы сақшылар корпусы "Шындық уәдесі 4" операциясының 19-шы толқынының басталғанын жариялады.
Мәлімдемеде айтылғандай, америкалық және израильдік позицияларға зымырандар мен дрондар арқылы соққылар жасалады.
Сонымен қатар Пентагонның бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор өзінің YouTube арнасында Иран қақтығыстқа төтеп бере алады және АҚШ сайып келгенде Таяу Шығыстан кетуге мәжбүр болады деп мәлімдеді.
"Біз ұзаққа созылған аймақтық соғыстың басында тұрмыз. Парсы шығанағы соғысынан туындаған бұл төтенше жағдай Үндістанға, Солтүстік-Шығыс Азияға, Түркияға және Еуропаға әсер етіп жатыр. Негізінен бүкіл әлем қазір осы соғысқа назар аударып отыр. Доллар жылдамдығы мен серпінін жоғалтып барады. Экономикалық тұрғыдан нағыз апат. Қаржылық тұрғыдан АҚШ үшін бұл үлкен ауыртпалық деп ойлаймын. Бұл көп уақытты алады, бірақ уақыт өте келе біз үшін жағдай тек нашарлай түседі", - деп РИА Новости МакГрегордың сөзін келтірді.
Ол сондай-ақ Парсы шығанағы елдері АҚШ-қа қарсы шығатынына, бұл америкалықтарды аймақтан кетуге мәжбүр ететініне сенім білдірді.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастады. Тель-Авив ондағы мақсат Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иранның флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоямын деп қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.
Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдарында Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді қоса алғанда, кем дегенде 787 адам қаза тапты.
Дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп операция бастапқыда төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін мойындады. Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Иранға қарсы одан да күшті соққылар жасалатынын жариялады.
Ислам революциясы сақшылар корпусының әскерилері - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Иран Израильді атомдық реакторды жарамыз деп қорқытты - БАҚ
Жаңалықтар
0