https://sputnik.kz/20260305/azerbayzhannyn-nakhichevan-qalasynyn-auezhayyna-iran-drony-qulady-61648791.html
Әзербайжанның Нахчыван қаласының әуежайына Иран дроны құлады
Әзербайжанның Нахчыван қаласының әуежайына Иран дроны құлады
Sputnik Қазақстан
Салдарынан екі тұрғын зардап шеккен 05.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-05T16:08+0500
2026-03-05T16:08+0500
2026-03-05T16:30+0500
әзербайжан
ақш пен иран қақтығысы
иран
дрон
әуежай
https://sputnik.kz/img/07ea/03/05/61644054_0:162:581:489_1920x0_80_0_0_6170586e503b20ce72808c1b4dcdd4d4.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Әзербайжандағы Нахчыван қаласының әуежайы аумағына Иран дроны құлады, салдарынан екі тұрғын зардап шеккен, деп хабарлады РИА Новости Әзербайжанның АПА агенттігіне сілтеме жасап."Иран аумағынан ұшырылған дрон Нахчыван әуежайының аумағына құлады. Жақын арада ресми құрылымдар Иранның Әзербайжанның азаматтық инфрақұрылымына шабуыл жасағаны туралы мәлімдеме жасайды", - делінген хабарламада.Кейінірек Әзербайжан сыртқы істер министрлігі екі дрон құлағанын айтты.Бір дрон Әзербайжан Республикасының әуежай терминалының ғимаратына соғылғанын, ал екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына құлағанын сыртқы істер министрлігі де хабарлады. Иран елшісіне наразылық нотасы табысталады, деді ведомство."Біз Иран Ислам Республикасынан болған жағдайға нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және болашақта мұндай шабуылдардың алдын алу үшін қажетті шұғыл шараларды қабылдауды талап етеміз. Әзербайжан тарапы тиісті жауап шараларын қабылдайды", - деп жазды министрлік.Нахчываннан Иран шекарасына дейін шамамен 30 шақырым.Бұл шабуыл жауапсыз қалмайды, деді Әзербайжанның қорғаныс министрлігі."Иран Ислам Республикасы оқиға үшін толық жауап береді. Әзербайжан қорғаныс министрлігі еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жауап шараларын дайындауда және бұл шабуылдар жауапсыз қалмайды", — делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20260305/tayau-shygystan-tagy-eki-myn-qazaqstandyq-zhetkiziledi--reysterdin-tizimi-zhariyalandy-61647256.html
әзербайжан
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/05/61644054_0:141:581:578_1920x0_80_0_0_4f09f6a3908f0ba40cbec77f125e3065.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, ақш пен иран қақтығысы, иран, дрон, әуежай
әзербайжан, ақш пен иран қақтығысы, иран, дрон, әуежай
Әзербайжанның Нахчыван қаласының әуежайына Иран дроны құлады
16:08 05.03.2026 (жаңартылды: 16:30 05.03.2026) Салдарынан екі тұрғын зардап шеккен
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Әзербайжандағы Нахчыван қаласының әуежайы аумағына Иран дроны құлады, салдарынан екі тұрғын зардап шеккен, деп
хабарлады РИА Новости Әзербайжанның АПА агенттігіне сілтеме жасап.
"Иран аумағынан ұшырылған дрон Нахчыван әуежайының аумағына құлады. Жақын арада ресми құрылымдар Иранның Әзербайжанның азаматтық инфрақұрылымына шабуыл жасағаны туралы мәлімдеме жасайды", - делінген хабарламада.
Кейінірек Әзербайжан сыртқы істер министрлігі екі дрон құлағанын айтты.
"5 наурызда түстен кейін Иран Ислам Республикасының аумағынан Әзербайжан Республикасына дронмен шабуыл жасалды. Бір ұшқышсыз ұшақ әуежай терминалының ғимаратына, ал екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына құлады. Біз Иран Ислам Республикасының аумағынан әуежай корпусына зақым келтірген және екі бейбіт тұрғынға зиян келтірген бұл шабуылды қатаң айыптаймыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Бір дрон Әзербайжан Республикасының әуежай терминалының ғимаратына соғылғанын, ал екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына құлағанын сыртқы істер министрлігі де хабарлады. Иран елшісіне наразылық нотасы табысталады, деді ведомство.
"Біз Иран Ислам Республикасынан болған жағдайға нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және болашақта мұндай шабуылдардың алдын алу үшін қажетті шұғыл шараларды қабылдауды талап етеміз. Әзербайжан тарапы тиісті жауап шараларын қабылдайды", - деп жазды министрлік.
Нахчываннан Иран шекарасына дейін шамамен 30 шақырым.
Бұл шабуыл жауапсыз қалмайды, деді Әзербайжанның қорғаныс министрлігі.
"Иран Ислам Республикасы оқиға үшін толық жауап береді. Әзербайжан қорғаныс министрлігі еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жауап шараларын дайындауда және бұл шабуылдар жауапсыз қалмайды", — делінген хабарламада.