https://sputnik.kz/20260305/astanada-kelinder-men-eneler-erekshe-sayysqa-qatysty-61654716.html
Астанада енелер мен келіндер ерекше сайысқа қатысты
Астанада енелер мен келіндер ерекше сайысқа қатысты
Sputnik Қазақстан
Сайыстың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау 05.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-05T20:06+0500
2026-03-05T20:06+0500
2026-03-05T20:10+0500
келін
ене
ата-ене
https://sputnik.kz/img/07ea/03/05/61654551_0:180:960:720_1920x0_80_0_0_d5e2090baf27e797fba23b9306ce95e1.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай "Келін – қайын ененің топырағынан" атты тағылымды сайыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мерекелік кеш сайыс форматында ұйымдастырылып, сахна төрінде келіндер мен енелер өнер көрсетті. Қатысушылар алдымен өздерін таныстырып, ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынды.Сайысқа төрт жұп қатысты. Олар "Кім жылдам?", "Сәйкестік ойын", "Салт-дәстүрді білесің бе?", "Мақалды жалғастыр" секілді қызықты кезеңдер бойынша бақ сынасты."Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келініміз екеуміз қатысып отырмыз. Отбасында келіннің де ененің де өз орны бар. Десе де ене келінімен құрбысындай болса деген ойдамын. Сонда береке болады деп есептеймін. Қазір уақыт өзгерді. Сондықтан соған сай болуы керек деген ойдамын", –д ейді сайысқа қатысушы Майшекер Төлешқызы.Мерекелік жиында зейнеткерлерден құралған "Замандастар" тобы мен скандинавиялық серуен тобының өнерпаздары өнер көрсетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/05/61654551_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_f3fb0e1eb226610c44f6e721e42b7496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
келін, ене, ата-ене
Астанада енелер мен келіндер ерекше сайысқа қатысты
20:06 05.03.2026 (жаңартылды: 20:10 05.03.2026) Сайыстың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай "Келін – қайын ененің топырағынан" атты тағылымды сайыс өтті, деп
хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелік кеш сайыс форматында ұйымдастырылып, сахна төрінде келіндер мен енелер өнер көрсетті. Қатысушылар алдымен өздерін таныстырып, ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынды.
"8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Сайыстың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау. Соның ішінде ене мен келін арасындағы сыйластықты, қарым-қатынасты нығайтуды көздегенбіз. Сондай-ақ, орталыққа келуші қарттарға көңіл күй сыйлау еді. Сол үдеден шыға алдық деп ойлаймын", – деді орталықтың әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева.
Сайысқа төрт жұп қатысты. Олар "Кім жылдам?", "Сәйкестік ойын", "Салт-дәстүрді білесің бе?", "Мақалды жалғастыр" секілді қызықты кезеңдер бойынша бақ сынасты.
"Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келініміз екеуміз қатысып отырмыз. Отбасында келіннің де ененің де өз орны бар. Десе де ене келінімен құрбысындай болса деген ойдамын. Сонда береке болады деп есептеймін. Қазір уақыт өзгерді. Сондықтан соған сай болуы керек деген ойдамын", –д ейді сайысқа қатысушы Майшекер Төлешқызы.
Мерекелік жиында зейнеткерлерден құралған "Замандастар" тобы мен скандинавиялық серуен тобының өнерпаздары өнер көрсетті.