https://sputnik.kz/20260304/qazaqstan-aymaqtagy-turaqty-ari-ekonomikasy-qarqyndy-el-sanalady--toqaev-61622280.html
Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады – Тоқаев
Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп... 04.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-04T15:29+0500
2026-03-04T15:29+0500
2026-03-04T15:29+0500
қасым-жомарт тоқаев
елші
https://sputnik.kz/img/07ea/03/04/61618133_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_20f7f96b26db88e6129a68dfd9b0fe08.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақордада.Сенім грамоталарын Норвегия Корольдігінің елшісі Хелена Санд Андресен, Аргентина Республикасының елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейра, Гана Республикасының елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Мали Республикасының елшісі Сейду Камиссоко, Гамбия Республикасының елшісі Алкали Фанка Конте, Бангладеш Халық Республикасының елшісі Мұхаммед Назрул Ислам, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Шобини Гунасекера, Босния және Герцеговина елшісі Иван Орлич тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімеледі.Ол жаңа Конституция Қазақстанда қолға алынған іргелі өзгерістерге берік негіз қалап, демократияландыру мен жан-жақты жаңғырту ісіне қомақты үлес қосады, халықтың әл-ауқатын арттырады деп үміттенетінін айтты.Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжіңдер мен қақтығыстар дипломатиялық құралдар арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді.Кездесу соңында президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/04/61618133_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8f328e877c5ebfe23bc7422afafabcab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, елші
қасым-жомарт тоқаев, елші
Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады – Тоқаев
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақордада.
Сенім грамоталарын Норвегия Корольдігінің елшісі Хелена Санд Андресен, Аргентина Республикасының елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейра, Гана Республикасының елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Мали Республикасының елшісі Сейду Камиссоко, Гамбия Республикасының елшісі Алкали Фанка Конте, Бангладеш Халық Республикасының елшісі Мұхаммед Назрул Ислам, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Шобини Гунасекера, Босния және Герцеговина елшісі Иван Орлич тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімеледі.
"Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады. Дегенмен біз қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, экономикалық реформаларды дәйекті түрде жалғастырып келеміз. 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Мемлекетті одан әрі өркендету жолындағы бұл маңызды құжатты халқымыз қолдайды деп ойлаймыз", – деді президент.
Ол жаңа Конституция Қазақстанда қолға алынған іргелі өзгерістерге берік негіз қалап, демократияландыру мен жан-жақты жаңғырту ісіне қомақты үлес қосады, халықтың әл-ауқатын арттырады деп үміттенетінін айтты.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжіңдер мен қақтығыстар дипломатиялық құралдар арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді.
Кездесу соңында президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.