https://sputnik.kz/20260304/mangystaudagy-ken-ornynda-gaz-su-qospasy-atqylady-61613139.html
Маңғыстаудағы кен орнында газ-су қоспасы атқылады
Маңғыстаудағы кен орнында газ-су қоспасы атқылады
Sputnik Қазақстан
Биіктігі 15-20 метрге дейін су бұрқағы болған 04.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-04T14:03+0500
2026-03-04T14:03+0500
2026-03-04T14:03+0500
маңғыстау облысы
газбен қамту
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/old/130/71/1307121_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_4485ff46cfe430bec00a5117d13d1a53.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылаған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Төтенше жағдай 3 наурызда сағат 12:00 шамасында "Солтүстік-Шығыс Қаратұрын" кен орнында болды. Жер қойнауын пайдаланушы – "Бозашы Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.ТЖД мәліметінше, "Caspian Drilling LLP" ЖШС мердігерлік ұйымы №403 ұңғымада бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ-су қоспасы пайда болған.Оқиғаның себептері мен мән-жайлары "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес тексеріледі.
https://sputnik.kz/20260221/zhambyl-oblysynda-qatty-zhelden-zharyq-pen-gaz-oship-qaldy-61336990.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/130/71/1307121_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_ce050538eb4db688d3c15fe22225cc21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, газбен қамту, төтенше жағдай
маңғыстау облысы, газбен қамту, төтенше жағдай
Маңғыстаудағы кен орнында газ-су қоспасы атқылады
Биіктігі 15-20 метрге дейін су бұрқағы болған
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылаған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Төтенше жағдай 3 наурызда сағат 12:00 шамасында "Солтүстік-Шығыс Қаратұрын" кен орнында болды. Жер қойнауын пайдаланушы – "Бозашы Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ТЖД мәліметінше, "Caspian Drilling LLP" ЖШС мердігерлік ұйымы №403 ұңғымада бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ-су қоспасы пайда болған.
"Кеше кешке бұл жерге құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымның күшімен, "Ак Берен" кәсіби авариялық-құтқару қызметімен және облыс ТЖД қызметкерлерімен авариялық жағдайды жою үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Биіктігі 15-20 метрге дейін су бұрқағы болды. Жағдай бақылауда", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес тексеріледі.