https://sputnik.kz/20260304/eo-turaqty-okilderi-reseyge-qarsy-sanktsiyalardy-uzartu-boyynsha-kelisui-mumkin-61593476.html
ЕО тұрақты өкілдері Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту бойынша келісуі мүмкін
ЕО тұрақты өкілдері Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту бойынша келісуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Егер тұрақты өкілдер шешім бойынша келісімге келе алса, ол Еуроодақ министрлеріне ресми бекіту үшін ұсынылады 04.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-04T09:12+0500
2026-03-04T09:12+0500
2026-03-04T09:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_69a843f6771fade5c6cfc0c2cba2a079.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputbnik. Сәрсенбідегі кездесуде Еуроодаққа мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері мерзімі 15 наурызда аяқталуы тиісті Ресейге қарсы жеке санкцияларды алты айға ұзарту туралы келісімге келуге тырысады, деп хабарлады РИА Новости.РИА Новости агенттігіне еуропалық дереккөз хабарлағандай, санкциялар бойынша әлі мәміле жоқ, сондықтан оларды ұзарту одан әрі талқылауды қажет етеді.Егер тұрақты өкілдер шешім бойынша келісімге келе алса, ол Еуроодақ министрлеріне ресми бекіту үшін ұсынылады, содан кейін санкциялар 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұзартылады. Егер тұрақты өкілдер келісімге келе алмаса, ұзарту мәслесі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылады. Алайда, егер 15 наурызға дейін шешімге қол жеткізілмесе, санкциялар күші жойылған болып саналады.Ресейге қарсы жеке санкциялар 2014 жылы енгізілген және қазіргі уақытта 2500-ден астам жеке тұлға мен ұйымға әсер етеді. Олардың Еуроодақтағы активтері бұғатталды, сондай-ақ оларға Еуроодақ елдеріне баруға, соның ішінде транзитке тыйым салынды. Бұл тізім әр алты ай сайын қайта қаралып, ұзартылады.Киевтің "Дружба" құбыры арқылы мұнай жеткізуді тоқтатқанына байланысты Венгрия Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдауды және Украинаға 90 миллиард еуро несие бөлуді құптамай отыр. Будапешт Ресейге қарсы жеке санкцияларды ұзартуға вето қояды деп күтіліп отыр.Ресей Батыстың бірнеше жыл бұрын қолдана бастаған және күшейе түскен санкциялық қысымға елдің төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеген. Батыс елдерінің өздері Ресейге қарсы санкциялардың тиімсіз екендігі туралы пікірді бірнеше рет білдірді.
https://sputnik.kz/20260223/euroodaq-reseyge-qarsy-zhana-sanktsiyalar-boyynsha-kelisimge-kele-almady---kallas-61394414.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_942e048bc5014d79587dae4a71fe9ff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ЕО тұрақты өкілдері Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту бойынша келісуі мүмкін
Егер тұрақты өкілдер шешім бойынша келісімге келе алса, ол Еуроодақ министрлеріне ресми бекіту үшін ұсынылады
АСТАНА, 4 наурыз – Sputbnik. Сәрсенбідегі кездесуде Еуроодаққа мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері мерзімі 15 наурызда аяқталуы тиісті Ресейге қарсы жеке санкцияларды алты айға ұзарту туралы келісімге келуге тырысады, деп хабарлады
РИА Новости.
РИА Новости агенттігіне еуропалық дереккөз хабарлағандай, санкциялар бойынша әлі мәміле жоқ, сондықтан оларды ұзарту одан әрі талқылауды қажет етеді.
Егер тұрақты өкілдер шешім бойынша келісімге келе алса, ол Еуроодақ министрлеріне ресми бекіту үшін ұсынылады, содан кейін санкциялар 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұзартылады. Егер тұрақты өкілдер келісімге келе алмаса, ұзарту мәслесі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылады. Алайда, егер 15 наурызға дейін шешімге қол жеткізілмесе, санкциялар күші жойылған болып саналады.
Ресейге қарсы жеке санкциялар 2014 жылы енгізілген және қазіргі уақытта 2500-ден астам жеке тұлға мен ұйымға әсер етеді. Олардың Еуроодақтағы активтері бұғатталды, сондай-ақ оларға Еуроодақ елдеріне баруға, соның ішінде транзитке тыйым салынды. Бұл тізім әр алты ай сайын қайта қаралып, ұзартылады.
Киевтің "Дружба" құбыры арқылы мұнай жеткізуді тоқтатқанына байланысты Венгрия Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдауды және Украинаға 90 миллиард еуро несие бөлуді құптамай отыр. Будапешт Ресейге қарсы жеке санкцияларды ұзартуға вето қояды деп күтіліп отыр.
Ресей Батыстың бірнеше жыл бұрын қолдана бастаған және күшейе түскен санкциялық қысымға елдің төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеген. Батыс елдерінің өздері Ресейге қарсы санкциялардың тиімсіз екендігі туралы пікірді бірнеше рет білдірді.