Енді көлік құралдарын онлайн тіркеуге болады

© Sputnik / Владислав ВодневМобильное приложение "Электронного правительства"
Мобильное приложение Электронного правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2026
Жазылу
Сатып алушы сатып алу-сату шартын жасағаннан кейін автосалонға қайта бармайды
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында көлік құралдарын онлайн тіркеуге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атап айтқанда, пайдаланушылар ресми дилерден сатып алынған автокөлікті тіркеуге қоя алады, меншік иесі өзгермеген жағдайда техникалық паспорт пен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) ауыстыра алады, сондай-ақ меншік құқығы ауысқан кезде көлік құралын сатып алу-сату рәсімін электронды түрде ресімдей алады.

"Қазіргі уақытта бұл мемлекеттік қызмет еліміз бойынша 100-ден астам ірі дилерлік орталықта қолжетімді. Сонымен қатар интеграциялық сервиске қосылуына қарай онлайн ресімдеу мүмкіндігі бар автосалондар тізімі кезең-кезеңімен кеңейтілуде", - деп жазылған eGov.kz порталында.

Қызметті алу үшін сатып алушы автосалонда автокөлікті таңдап, сатып алу-сату шартын рәсімдейді. Одан кейінгі тіркеу рәсімі автосалонға қайта баруды талап етпейді, қашықтан жасалады.
Дилер өтінім жолдағаннан кейін сатып алушы eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне хабарлама алады немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы push-хабарлама түседі. Пайдаланушы деректердің дұрыстығын тексеріп, ұсынылған нұсқалар арасынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) таңдайды және өтінімді қолданыстағы тәсілдердің бірімен растайды. Осылайша тіркеудің негізгі кезеңдері онлайн форматта орындалады. Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін МТНБ таңдау нұсқаларының тізбесі де кеңейтілді. Қызмет көрсету мерзімі – 2 сағатқа дейін.
Дайын құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері таңдалған мамандандырылған ХҚКО-дан беріледі.
Жаңалықтар
0