https://sputnik.kz/20260304/almatyda-zheke-uyge-qaraqshylyq-shabuyl-zhasagandar-videoga-tusip-qaldy-61628094.html
Алматыда жеке үйге қарақшылық шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды
Алматыда жеке үйге қарақшылық шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
Тартып алынған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды 04.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-04T19:09+0500
2026-03-04T19:09+0500
2026-03-04T19:09+0500
алматы
қарақшылық шабуыл
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17117738_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_445a4999f3928f4dd55194ce37f61a38.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда жеке тұрғын үйге қарулы шабуыл жасалды. Қаскөйлер қарумен қорқытып, ақша мен алтын бұйымдарды иемденген, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.Келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 4 миллион теңгені құрады.Тартып алынған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды, қалған бөлігі сараптама жүргізу үшін тәркіленді.Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, қылмыс мұқият жоспарланған, күдіктілер ізін жасыруға әрекеттенген.Қазіргі уақытта ұсталғандардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17117738_147:0:1280:850_1920x0_80_0_0_edc4408c5e5229f21016fa9b4efd2779.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қарақшылық шабуыл
алматы, қарақшылық шабуыл
Алматыда жеке үйге қарақшылық шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды
Тартып алынған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда жеке тұрғын үйге қарулы шабуыл жасалды. Қаскөйлер қарумен қорқытып, ақша мен алтын бұйымдарды иемденген, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 4 миллион теңгені құрады.
"Жедел және тергеу іс-шараларының үйлесімді нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақтың қатысуымен қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаны анықтап, ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Тартып алынған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды, қалған бөлігі сараптама жүргізу үшін тәркіленді.
Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, қылмыс мұқият жоспарланған, күдіктілер ізін жасыруға әрекеттенген.
"Полиция бөлімшелері мен арнайы жасақтың кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында қылмысқа қатысушылар қысқа мерзімде ұсталды", – деді ол.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.