https://sputnik.kz/20260303/toqaev-qazaqstandyqtardy-evakuatsiyalauga-komekteskeni-ushin-oman-sultanyna-algys-aytty-61588256.html
Тоқаев қазақстандықтарды эвакуациялауға көмектескені үшін Оман сұлтанына алғыс айтты
Тоқаев қазақстандықтарды эвакуациялауға көмектескені үшін Оман сұлтанына алғыс айтты
Sputnik Қазақстан
Ал Хайсам бен Тариқ Әл Саид қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі 03.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-03T17:47+0500
2026-03-03T17:47+0500
2026-03-03T17:47+0500
ақш пен иран қақтығысы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0a/61053491_0:40:1280:760_1920x0_80_0_0_3040147d515deb860d0122b68890acc1.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.Бұл ретте президент аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды.Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді.Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0a/61053491_99:0:1164:799_1920x0_80_0_0_0e72b7f4fd1725024aa25094ee2ab9b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, қасым-жомарт тоқаев
ақш пен иран қақтығысы, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев қазақстандықтарды эвакуациялауға көмектескені үшін Оман сұлтанына алғыс айтты
Ал Хайсам бен Тариқ Әл Саид қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.
"Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Шығанақтағы елдердің азаматтық нысандарына әуеден шабуылдауға байланысты алаңдаушылық танытты", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.
Бұл ретте президент аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растады. Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ", - деп жазылған хабарламада.
Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді.