https://sputnik.kz/20260303/shyu-elderi-irannyn-egemendigin-saqtauga-shaqyrdy--ermekbaev-61582262.html
ШЫҰ елдері Иранның егемендігін сақтауға шақырды – Ермекбаев
ШЫҰ елдері Иранның егемендігін сақтауға шақырды – Ермекбаев
Sputnik Қазақстан
Ұйымға мүше елдердің ұстанымы бірдей – күш қолдануға жол берілмейді, БҰҰ қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қарсы шаралар қабылдауға тиіс 03.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-03T15:22+0500
2026-03-03T15:22+0500
2026-03-03T15:22+0500
ақш пен иран қақтығысы
шыұ
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1b/50309074_0:0:3193:1796_1920x0_80_0_0_b6858d1a7008efa05d2dcfcc7d34150f.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Иранның Қытайдағы елшісі Абдолреза Рахмани-Фазлимен кездесуі барысында Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты ШЫҰ елдерінің бірлескен мәлімдемесі туралы айтты.Бұл туралы ұйым хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің елдің егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігі жөніндегі ұстанымы ортақ екенін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қарсы шұғыл шаралар қабылдауға тиіс екенін айтты.Ал Иран дипломатиялық миссиясының басшысы қолдау білдіргені үшін бас хатшыға алғыс айтып, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ жарғысына сәйкес мүше мемлекеттердің заңды мүдделерін қорғау бағытындағы ШЫҰ-ның күш-жігері жалғасады деген үмітін білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1b/50309074_462:0:3193:2048_1920x0_80_0_0_da74be93cac7279f981d4ddc3cc0af37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, шыұ
ақш пен иран қақтығысы, шыұ
ШЫҰ елдері Иранның егемендігін сақтауға шақырды – Ермекбаев
Ұйымға мүше елдердің ұстанымы бірдей – күш қолдануға жол берілмейді, БҰҰ қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қарсы шаралар қабылдауға тиіс
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Иранның Қытайдағы елшісі Абдолреза Рахмани-Фазлимен кездесуі барысында Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты ШЫҰ елдерінің бірлескен мәлімдемесі туралы айтты.
Бұл туралы ұйым хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бас хатшы Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты Ұйым қабылдаған саяси-дипломатиялық әрекет ету шаралары жөнінде ақпарат берді", – делінген хабарламада.
Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің елдің егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігі жөніндегі ұстанымы ортақ екенін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қарсы шұғыл шаралар қабылдауға тиіс екенін айтты.
"Нұрлан Ермекбаев Иран аумағына жасалған әскери соққылар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтып, ел халқына төзімділік, бейбітшілік және өркендеу тіледі", – деп көрсетілген хабарламада.
Ал Иран дипломатиялық миссиясының басшысы қолдау білдіргені үшін бас хатшыға алғыс айтып, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ жарғысына сәйкес мүше мемлекеттердің заңды мүдделерін қорғау бағытындағы ШЫҰ-ның күш-жігері жалғасады деген үмітін білдірді.